Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар арасында болған. Бұл соғыс екінші дүниежүзілік соғыс болып саналады. Ұлы жеңіс Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңісті біз ұмытпаймыз. Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігі дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі. Қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні - абыроймыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқалары. Жауға қарсы шайқастар барлық елді мекенде болған. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына алып, аналық мейірімімен тәрбиеледі.
Өткенге хат
Ел үшін жанын қиған батырлардың, өзегін өкініш өртеген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің тірегі болған қасиетті Отанымыз- Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десенізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы сәттерімен есте қалды. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтын сияқты соғыстың қасіреті де ұмытыла қоймайды. Қаншама қазақстандықтар соның ішінде менің ауылымның ардагерлері де ұрыс даласында мерт болды. Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан жыл санап алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып келеді. Бірақ ешкім ештеңені де ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл біздің даңқымыз. Сондықтан бұл жазып отырған хатымды барлық соғысқа қатысқан ардагерлерімізге арнағым келеді. Өйткені, осы ержүрек жауынгер аталарымыздың бірі тірі қалғаны, бірі қалмағаны белгісіз. «Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды». Менің ойымша, Ұлы Отан соғысының оқиғалары,майдан жауынгерлерінің ерліктері мен тылдағы еңбек адамдарының даңқы істері қазіргі кезде тілге тиек, әңгімеге арқау болуы тиіс. Батыр жерлестеріміздің өмірі мен жеңістерін үлгі ете отырып, әскери азаматтыққа тәрбиеленуіміз керек. Бүгінгі күнді түсініп – түйісіну үшін де, болашақтын дидарын елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберте білуіміз керек .
11 сынып оқушысы Қыдырбек Аружан