Жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары арасында Х облыстық Махамбет оқуларын дайындау және өткізу
ҚАҒИДАСЫ
Осы қағида жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін Х облыстық Махамбет оқуларының өткізу тәртібін айқындайды.
Х облыстық Махамбет оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері: Мектеп оқушылары арасында Махамбет шығармаларын насихаттау; Олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, тарихи танымдарын қалыптастыру.
Х Махамбет оқуларына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және жалпы білім беретін ұйымдардың 5-11-сыныптарының оқушылары қатыса алады.
Х Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:
«Ел құтқарар ер едім» - Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (ақындардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).
«Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).
«Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың конкурсы.
Х Махамбет оқулары жоғарыда көрсетілген бөлімдер бойынша екі кезеңде:
1 кезең – аудандық (қалалық) кезең – 2019 жылғы 5 сәуірге дейін;
2 кезең – облыстық (Астана және Алматы қалалық) кезең 2019 жылғы 20 сәуірге дейін;
Байқаудың өтетін орны мен мерзімін аудандық кезеңінде аудандық (қалалық) білім бөлімдері, ал облыстық кезеңінде білім басқармасы белгілейді.
Әрбір аудан байқаудың облыстық кезеңіне 3 қатысушыны: ақындардың шығармаларын жатқа оқитын бір оқушыны, әндері мен күйлерін орындайтын бір оқушыны және өз шығармаларын (өлеңдері, әндері, музыкалық шығармалар) орындайтын бір оқушыны ұсынады. Алдыңғы жылдардағы жеңімпаздар 2018 жылғы шараларға қатыса алмайды
Х Махамбет оқуларының «Ел құтқарар ер едім...», «Тартынбай сөйлер асылмын...», «Ұлы арман» конкурстары бойынша әрқайсысына алты жүлделі орын белгіленеді: бір бірінші орын, екі екінші орын және үш үшінші орын, барлығы 18 орын.
Х Махамбет оқуларының I кезеңін аудандық (қалалық) білім бөлімдері қаржыландырса, II облыстық кезеңін білім басқармасы қаржыландырады.
Байқаудың аудаңдық кезеңін ұйымдастыру және өткізу үшін жауапкершілік аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстық кезеңінде білім басқармасына жүктеледі.
Облыстық ұйымдастыру комитеті:
Іс-шаралар өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
Конкурстардың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
Іс-шаралардың материалдарын баспасөзде жариялайды.
Махамбет оқуларына қатысушылардың білімі мен өнерін (барлығы 9 адамнан кем емес) қазылар алқасы бағалайды.
Махамбет оқуларының қазылар алқасы:
Қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;
Қатысушылардың білімі мен өнеріне талдау жасайды және он баллдық жүйемен бағалайды.
Қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді.
Жеңімпазды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі.
Абай Құнанбайұлына 175 жыл. Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғар деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Осы мақсатта еліміз бойынша түрлі іс-шаралар көптен ұйымдастырылуда.
Мұндай шаралар ауданымызда да да жалғасын тауып жатыр. Елімізде өтіп жатқан Ұлы тұлғаның өлеңдері мен шығармаларын дәріптейтін үрдіске Жақсы №1 орта мектебінің ұжымы да ат салысып отыр. Осыған орай мұнда қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл,дана,ғұлама әдебиетіміздің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертер «Абай өмірі мен шығармашылығы және табиғат лирикасы» деп аталатын шығармашылық көрмесі көпшілік назарына ұсынды. Онда ұстаздар мен оқушылардың өз қолымен жасалған заттар қойылды. Мектебіміздің екінші қабатында кітапханаға жақын орналастырылған көрмені оқырмандар жыл бойына тамашалай алады.