Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абайдың 175 жылдығы

       

Жақсы №1 орта мектебі КМM

 

«Жүрегіңнің түбіне терең бойла»

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл

Әдеби кеш

Жауапты: кітапханашы Бекбергенова Л.М.

 және 7 – 8 сынып оқушылары

2019 – 2020 оқу жылы

Абай Құнанбаев 175 жыл, «Жүрегіңнің түбіне терең бойла»

Сахнаның безендірілуі: Абайдың портреті, мультимедиалық проектор, көрініс құралдары, шараның эпигрофы:

Мақсаты: Данышпан ақын Абайдың өнер- білім туралы өсиеттерін, өлеңдерін паш ету. Білім алушылардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Шәкірттерді Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының балалық шағы мен жастық шағы және өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен сазгерлігімен таныту.

Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.

Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

Кеш қонақтары: Ұстаздар мен мектеп оқушылары.

Барысы:

Сахнаның сыртында дауыс:

1 оқушы: Айгерім   

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,

Үнінен әділдіктің лебі ескен.

Арманын атандырып келешекке ,

 

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Ол – Абай, дара ақын, дана ақын.

Қалдырған дәмді, асыл сөздің парқын.

Әр сөзі үлгі – өнеге, жанға сая,

Желге жеңіл, жүрекке өте жақын.

Сахна. Проектордан Абайдың дүниеге келуі туралы шағын фильм беріледі.

Сахнаға жүргізушілер шығады:

1 жүргізуші: Иә, Абай әке үмітін ақтаған, әке үмітін ғана емес, ел алдындағы өзінің перзенттік парызын толықтай орындаған ұлы да, дара тұлға.

2 жүргізуші: Кең дала нұрын шашып маңайына,

Қараймын мақтанышпен Абайыма,

Алдында Ұлжан ана басымды ием,

Теңесер ақылды ару, саналы ермен

Жұлдызы ондай жанның, жанады өрден

Ұлжанды ұлы демей мен кім деймін

Қазаққа Қайталанбас дана берген! -  деп мақтан еткен әкесі Құнанбай.

1 жүргізуші: Ендеше, қазақтың мақтанышы болған, әке алдында перзенттік парызын толықтай орындай білген Абайдай данамыздың 175 жылдық мерейтойына орай өткізілгелі отырған «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер.

2 жүргізуші: 
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Ән «Көзімнің қарасы» орындалады.

2 жүргізуші: Абай туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақынАбай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек.

1 жүргізуші:  Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.

2- оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар» 
2 жүргізуші: Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

3- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
1 жүргізуші:
 : Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абай біреу - ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем.

2 жүргізуші: : Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазбау - біздің парызымыз да қарызымыз.

4-оқушы:
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден өтті.  
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.

5-оқушы:
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. 

6-оқушы:
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3 ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды. Осы 4 жылдық медреседегі және 3 айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді.

7-оқушы:
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды. 20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.

 

8-оқушы:
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы. Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.

9-оқушы:
Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?

Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.

Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.


10 – оқушы
Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқымаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!

1 жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдени тарихында ерекше орын алады. Соңында тамаша өлеңдер мен қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы.
2 жүргізуші: Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.
1 жүргізуші: Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

              Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

11 - оқушы: «Жүректен жүрек озар жарысқанда»

12 - оқушы: «Өлсем орыным қара жер, сыз болмай ма?»

2 жүргізуші: Иә, халық қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өскен Абайдың әрбір шығармасы инабаттылыққа, парасаттылыққа, имандылықпен ізгілікке тәрбиелейтін дүние:

«Қалың елім –қазағым» - деп жұртты білім алуға үндеп,

 «Біріңді бірің сыйлап ғибрат етіс» деп адамгершілікке,

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбекке,

«Өнерпаз болсаң арқалан, сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп өнер –білімге тәрбиелейді.

13 - оқушы: «Ғылым таппай мақтанба» 

14 - оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» 


15 - оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге» 

1 жүргізуші: «Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» - дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.

2 жүргізуші: Абай мұрасы мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Бүгінде біз Абай аңсаған ұлы өзгерістердің куәсіміз, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуге талпынудамыз.

1 жүргізуші: Бүгін ғұлама 175 жасқа толып отыр, ал оның дүниеден озғанына 116 жыл. Десе де, Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. «Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған”, – дегенді айтқан да өзі еді. Айтқанда да, тауып айтты! Абай – артына өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгер.

2 жүргізуші: Бүгін барлық Қазақстан Абайдың мерейтойына дайындық үстінде, «Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары әдебиеті мен мәдениетінің шамшырағы» деп білеміз.

                   «Тарих қана, халық қана туатын

                     Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

                     Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа,

                   Керек болды Абай сынды ұлы ақын!»- деп ақын Жарасқан Әбдірашев жырлағандай қазақ халқының мақтанышы, қазақ жырының тәңірі, қара сөздің зергері Абай Құнанбаев.

1 жүргізуші: Ол қалдырған күй даланы кернейді,

                         Ұшқан оттай құс қанатын сермейді.

                         Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,

                         Басқа өлсе де, Абай сөзі өлмейді – деп әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Хош сау болыңыздар.

    Абай Құнанбайұлына 175 жыл.   Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық  мерейтойын жоғар деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Осы мақсатта еліміз бойынша түрлі іс-шаралар көптен ұйымдастырылуда.

    Мұндай шаралар ауданымызда да да жалғасын тауып жатыр. Елімізде өтіп жатқан Ұлы тұлғаның өлеңдері мен шығармаларын дәріптейтін үрдіске Жақсы №1 орта мектебінің ұжымы да ат салысып отыр. Осыған орай мұнда қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл,дана,ғұлама әдебиетіміздің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертер «Абай өмірі  мен шығармашылығы және табиғат лирикасы» деп аталатын шығармашылық көрмесі көпшілік назарына ұсынды. Онда ұстаздар мен оқушылардың өз қолымен жасалған заттар қойылды. Мектебіміздің екінші қабатында кітапханаға жақын орналастырылған көрмені оқырмандар жыл бойына тамашалай алады.

Қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі Абай (Ибрагим) Құнанбаев (29.07.1845 — 23.06.1904) — ақын, ағартушы және философ, жаңа қазақ ұлттық жазба әдебиеті мен Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы. Дүниеге келген Чингисских горах Семипалатинской области в семье старшиналар тобыктинского руынан Құнанбай. Алғашқы үй білімін мулладан алды, содан кейін Семей Имам Ахмет-Ризаның медресесіне жіберілді. Медреседе оқып, орыс мектебіне қатарлас барды. Араб, парсы және басқа шығыс тілдерін меңгерген. Шығыс классиктерінің — Навои, Фирдоуси, Низами, Саади, Джами, Хафиз, Сайхалидің шығармаларын түпнұсқада оқыды. Қаладағы оқу-жаттығуды аяқтамай, әкесінің талабы бойынша ауылға оралады, онда ол сот қызметіне және ру басшысының Болашақ әкімшілік қызметіне кіре бастайды. Ол ауызша жарыс әдістерін түсінеді, онда керемет шешендік, тапқырлық пен тапқырлық қару болды. Құнанбайдың мүдделері мен ұмтылыстарына жиі қарсы болып, әділ және бейтарап шешімдер шығарады. Өмірдің қалған жиырма жылы мазмұнды шығармашылық, поэтикалық қызметте өтті. 70-жылдардың ортасында Х1Х в. а.с. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, и. А. Крылов, Л. Н. Толстой, м. е. Салтыков-Щедрин, и. с. Тургенев, ф. м. Достоевский орыс тілі мен орыс әдебиетінің классиктерін зерттеуді қайта бастайды. Ресейлік саяси жер аударылғандармен танысу Е. П. Михаэлис, и. И. Долгополов және С.С. Гросс оның прогрессивті көзқарастарын қалыптастырады. Абай жаңа дүниенің иесі болған, оны тудырған ортадан жоғары тұрған. 1882 — 1886 жылдары құрылған поэтикалық шығармаларда. қазақ халқының әлеуметтік-қоғамдық, моральдық мәселелеріне жүгініп, қазақтарды өркениетті дамудың "дұрыс жолына" ("сегіздік") шығуға шақырды. "Ақыл, ғылым, ерік" адамды көтеретін қоғамның прогрессивті дамуына ұмтылу Абай шығармашылығының басты бағыттарының бірі болып табылады. Ол еңбекті қоғамның байлығы мен молшылығының жалғыз жолы ретінде қарастырды. Ол халық пен билеуші топ арасындағы антагонистік қайшылықтарды ашты. Протестовал қарсы межродовых распрей, сынады тщеславие және феодалдық мінез-құлық қоғам. Абайда мұсылман дінінің ашық жақтастарына деген көзқарас немқұрайды болды. Олардың арасында діннің басқа да қыр-сырын айтпағанда, көп адамдар намаз оқымайтынын көріп, Абай былай деп жазды: "менің ойымша, қазақтарды нағыз мұсылмандар деп атауға болмайды". Басқару мәселелерінде демократиялық ұстанымдарды ұстанды. Халық игілігі үшін адал, қызметке мүдделі адамдар билеушілер лауазымына сайлануы керек деп есептеді. Көптеген бұқараның билеушілері мен мүдделері арасындағы қайшылықтарды шешудің жолдарын таба алмадым. Абай қоғамның, заңның және жеке тұлғаның өзара тәуелділігін толық анықтай алмады. Халықтың өмірін жақсарту жолдарын ең алдымен қоғамның экономикалық негізінің өзгеруінен көрдім. Ол қазақтардың прогрессивті дамуын егіншіліктің, қолөнердің және сауданың дамуымен тығыз байланыстырды. Ғылым мен ағартуда надандықты жеңе алатын негізгі күш көрінді. Барлық халықтар үшін бейбітшілік пен өзара түсіністіктің қажеттілігін мойындай отырып, тек осы жағдайда ғана қоғамның негізгі қозғаушы күштері — ғылым, озық идеялар, мәдениет толық дами алады және бүкілхалықтық өркендеу пайда болады деп есептеді. Бүкілхалықтық өркендеуді армандаған ол өз заманының ағартушылары деңгейінде қалды, ең алдымен ағарту мен ғылым қолданыстағы жүйені өзгерте алады деп санайды. Қазақ әдебиетінде алғаш рет ақын мен поэзияны тағайындау туралы поэтикалық шығармалар ("Поэзия — тіл билеушісі") шығарды. Пейзаж, махаббат лирикасының элементтерін философиялық жалпылау және ағартушылық-гуманистік идеялармен біріктірді. Абайдың көркемдік жаңашылдығы поэзия мазмұнының тақырыбын жаңартуда көрініс тапты. Көптеген өлеңдер лирикалық монолог түрінде жазылған ("Айтым сәлем, Қаламқас" — "Сәлем саған, жұқа қоңыр"). Әйел — ананы отбасының тірегі ретінде жырлады, қалымды, көп әйелдікті жоққа шығарды, қазақ қоғамындағы әйелдердің тең құқықтылығы үшін күрескен. "Көзімнің қарасы" ("Сен менің көзімнің қарашығысың"), "Қызарып, сұрланып" ("и краснеть, и бледнеть"), "Ғашықтық тілі — тілсіз тіл" ("Язык любви — язык без слов") өлеңдерінде махаббат күші, әйел сұлулығы көрсетілген. 1887 жылы жазылған поэмалары "Ескендір", "Масғұт", "әзім". Олардың сюжеттері Шығыс классикалық әдебиетінің қайта ойластырылған мотивтеріне негізделген. Абайдың көркем проза мен қоғамдық ойдың дамуына қосқан елеулі үлесі "Қара сөздер" — "Гаклия" (1890 — 1898) болды. Кітаптың мазмұны тақырып бойынша алуан түрлі 45 "қара сөз" құрайды. Бұл өсиеттер жастарды халық даналығының рухани бастауларына баулуда маңызды рөл атқарды. "Қара сөздерінің" орталық идеясы-гуманистік идеалдардың салтанат құруына, туған халқының шексіз мүмкіндіктеріне деген сенім. Абай шығармашылығының органикалық бөлігі-орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аудару (А.С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, и. А. Крылов шығармаларынан 50-ге жуық аударма). Абай Пушкиннің "Евгений Онегин" — "Татьянаның хаты", "Онегиннің жауабы", "Ленскийдің сөзі"поэмаларынан үзінділерді ерекше шабытпен аударған. Әдеби аударманың тамаша үлгісі Лермонтовтың "Дума", "қанжар", "Парус", "жартас", "мен бір жолға шығамын..." және т.б. Крыловтың "түрлі-түсті қойлар", "қарғалар мен Вороненок "ертегілерінің аудармаларында. "Айдаһар мен құмырсқа", "емен мен таяқ" олардың айыптау күшін сақтап, тілдің мәнерлілігі мен қарапайымдылығын нәзік жеткізеді. Еркін аударма әдісі ақынға әдебиеттің үздік шығармаларына шығармашылықпен қарауға және оларды қазақ халқының қабылдауында жеткізуге мүмкіндік берді. Абай өмірі кезінде бірнеше өлең ғана жарық көрді. Санкт-Петербургте 1 мың дана тиражбен "қазақ ақыны Ибрагим Құнанбаевтың өлеңдері" атты жинақ жарық көрді. Абайдың музыкалық мұрасы Қазақ ұлттық өнерінің тарихында ерекше орын алады. Абай әндер мен күйлерді жақсы білген, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, Жаяу Мұса және т.б. халық композиторларының әндерін жоғары бағалаған. Ақынның музыкалық сыйы лирикалық әндерде көрініс тапты. "Айтым сәлем, Қаламқас" ("Шлю привет тебе, тонкобровая..."), "Қор болды жаным" ("Унижена моя душа"), "сұр бұлттар" ("сұр бұлттар"), "Ата-анаға көз қуаныш" ("Утешение отцу и матери"), "Татьянаның хат" ("Письмо Татьяны") және т.б. әндері халық ән шығармашылығына жаңа әуезді ырғақтарды, пішіндер мен өлшемдерді енгізді, тілдің көркемдік-экспрессивті құралдарын қолданудың жаңа принциптері. Абай орыс халқының әндеріне, романстарға, орыс композиторлары М. и. Глинканың, А. А. Алябьевтің, А. Е. Варламовтың, а. л. вокалдық шығармашылығына қызығушылық танытты. Гурилева, А. Г. Рубинштейн. Абай шығармашылығында орыс тілінен аударылған өлеңдер негізінде жасалған әндер топтамасы бар. Абай өлеңдеріне композиторлар М. Төлебаев, с.Мұхамеджанов, Ғ. Жұбанов, М. Қойшыбаев, Н. Тілендиев және т. б. әндер мен романстар жазды. Абай дәстүрін әдеби шығармашылығында Ш.Құдайбердиев (1858 — 1931), С. Торайғыров (1894 — 1921), М. Жұмабаев (1893 — 1938), с. Дөнентаев (1894 — 1933) дамыды. Абай мұрасында ХХ ғ. қазақ әдебиетінің классиктері: М. Әуезов, С. Сейфуллин, г. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Т. Жароков. Көрнекті ақын-ағартушының бейнесі әдебиет, музыка, бейнелеу өнері шығармаларында бейнеленген. Оның өмірі мен шығармашылығы М.О. Әуезовты "Абай" және "Абай жолы" ("Абай жолы") (Лениндік сыйлық, 1959 ж.) атты 2 кітаптағы эпопея-роман жасауға шабыттандырды. Абайдың еңбегі әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, оның ішінде орыс, қытай француз және т.б. Абайды еске алу үшін әдебиет саласындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы тағайындалған. Абайдың құрметіне қала, әкімшілік орталықтар, көшелер, театрлар, кітапханалар және республика аумағындағы басқа да нысандар аталды. Абай атымен Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан қалаларының орталық даңғылдары, Іле Алатауы жотасының шыңындағы шың аталған. Алматы қаласындағы Абай алаңында Ұлы ақынға ескерткіш орнатылды (1960 жыл) . 2010 жылы Астанада Абай ескерткіші оның құрметіне аталған даңғыл бойындағы ескі алаңға қарама-қарсы орналасқан. Ақынның туған күнінде жыл сайын осы алаңда Ұлы Абайға арналған ақындық тыңдаулар өткізіледі.

Жаңартылған күні: 05.05.2020 08:17
Құрылған күні: 12.10.2020 16:26

Текст